Табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 312 фактісі анықталды
12 қазан мен 11 қараша аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Браконьер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезеңінде мобильді топтар 467 рейдтік іс-шара өткізді, сонымен қатар табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 312 фактісі анықталды.
Сондай-ақ, жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезінде заттай дәлелдемелер табылып, оның ішінде: 171 дана киік мүйізі, екі көлік құралы және мың метрден астам пайдалануға тыйым салынған балық аулайтын ау тәркіленді.