Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараз тұрғыны тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақтарды гаражында сақтаған

Тараз тұрғыны тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақтарды гаражында сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында Тараз қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен гараж кооперативтерінің бірінен ұрланған қару-жарақтарды сақтаған 24 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Ол қаруларды жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлап, гараждың шұңқырына жасырғанын және кейіннен оны сатуға дайындағандығын мойындады.

Күдіктіден барлығы 10 бірлік “Макаров” тапаншасы, төрт бірлік “Калашников” автоматы мен екі шулы граната тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдіктінің қалада орын алған тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстық іс-әрекеттерге қатыстылығын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Тәркіленген қару-жарақтарға қатысты арнайы сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру