Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда катализатор ұрлағандар ұсталды

Таразда катализатор ұрлағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қыркүйек полицияға облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны жүгінді. Сағат 16:20-да Тараз қаласының көлік жөндеу орнының бірінде белгісіз тұлға Subaru Tribeca маркалы автокөлігінің құны 900 000 теңге тұратын сөндіргішін жасырын ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 26 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Ол сату мақсатында катализаторды алып тастағанын мойындады.

Сондай-ақ дәл сол күні полицияға облыс орталығының 61 жастағы тұрғыны да жүгінген. Оның көлік жөндеу орнынан Toyota Highlander маркалы автокөлігінің құны 500 000 теңге тұратын сөндіргішін катализатормен бірге жасырын ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “ізін суытпай” жасаған ісін мойындаған күдікті анықталып, ұсталды.

Барлық деректерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру