Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда жалға алынған көліктерді сатумен айналысқан ер адам анықталды

Таразда жалға алынған көліктерді сатумен айналысқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-полиция бөліміне алаяқтық туралы шағыммен облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны жүгінді. Ер адам өзінің танысы сеніміне кіріп, Hyundai Accent және Volkswagen polo көліктерін аукциондық жолмен сату сылтауымен алдау арқылы оның 2,5 млн теңге көлеміндегі ақшасын иемденгенін хабарлаған.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алматы облысының 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тергеу барысында күдіктінің автокөлікті 2 ай мерзімге жалға алып, осылайша қосымша ақша табуға шешім қабылдағаны анықталды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуға және күмәнді қызметтер ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. Сондай-ақ бейтаныс адамдарға ақша мен мүлкіңізді сеніп тапсырмаңыз. Жеке мәліметтермен және банк карточкаларының кодтарымен бөліспеңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру