Тәртіп бұзған есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды
Тәртіп бұзған есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласының 53 жастағы тұрғыны бірге тұратын азаматқа дене жарақатын келтіргені үшін үш жылға бас бостандығынан айырылған. Жазасын әйелдер колониясында өтеу барысында ол жақсы тәртібімен көзге түсіп, алкогольге тәуелділіктен емделіп, шығынды өтеген. Осыған байланысты сот жазасын бір жыл он айға бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырды.
Жазаны әрі қарай өтеу үшін сотталған Павлодар қаласының пробация қызметіне есепке қойылды. Есепке алынған кезде оған жазаны өтеу шарттары толық түсіндіріліп, бақылаудан жалтарған жағдайда жауапкершілікке тартылатыны және жазаның қатаң түріне ауыстырылуы мүмкін екені ескертілді.
Алайда бұған қарамастан, әйел белгіленген тәртіпті жүйелі түрде бұзып, пробация қызметінің бақылауынан жалтарған. Осылайша сот шешімімен бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына қайта ауыстырылды. Қазіргі уақытта сотталған жазасын әрі қарай өтеу үшін Абай облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне қайта жеткізілді.
— Бұл жағдай жазаны жеңілдету — ең алдымен сотталған адамға өмірін өзгертуге берілетін мүмкіндік екенін көрсетеді. Алайда тиісті қорытынды жасалмаса және белгіленген талаптар сақталмаса, заң қатаң жазаға қайта оралуды қарастырады. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері өз тарапынан қайта әлеуметтенуге жан-жақты көмек көрсетеді, алайда көп нәрсе адамның өзіне және оның заң талаптарын орындауына байланысты, — деді мекеменің арнайы есеп бөлімінің бастығы Светлана Голикова.
