Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық азамат жақында адам тонағанын мойындады

Теміртау полицейлері жақында адам тонаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 ақпан күні Қарағанды облысы Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері “Қалта” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлерін көріп, қашпақшы болған азаматты ұстады.

Полиция қызметкерлерімен болған әңгіме барысында 39 жастағы азамат жақында адам тонағанын мойындады. Ол полицияға ұсталмас бұрын қала тұрғынынан ішінде 500 АҚШ доллары бар әмиянын тартып алған. Күдіктіден қалған 22 АҚШ доллары тәркіленіп алынды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру