Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық полицейлер есірткі қойып кетумен айналысқан жасөспірімді ұстады

Теміртаулық полицейлер есірткі қойып кетумен айналысқан жасөспірімді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткіге тәуелділік және есірткі айналымының алдын алу – полиция қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі.

20 сәуір күні Теміртау қалалық полиция басқармасы есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала көшелерінің бірінен 17 жастағы колледж студенті ұсталып, одан 10 орам ұнтақ тәрізді зат тәркіленді. Ұсталған азаматшаның қатысуымен жүргізілген кешенді жұмыстар барысында ол қаланың әр нүктесінен 9 орынға жасырылған есірткі заттарын көрсетті.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар альфа-PVP есірткі заты екені анықталды. Бұл заттар адам ағзасына қатты әсер ететін есірткі екені белгілі және бұны бір рет пайдаланған адам оған тәуелді болып қалатыны жасырын емес. Ұсталған азаматша немен айналысып жүргенін, сонымен қатар ұсталған уақытта бұл әрекетіне заң бойынша жауап беретінін білген. Алайда жеңіл ақша табу жолы оған ең басты талап болғандықтан, ол есірткі жасырумен айналысқан.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-тармағына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қарағанды облыстық полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі жасыру есірткі сату қылмысымен сәйкестендіріліп, ол қылмыс үшін 10 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру