Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте заңсыз балық аулаудың 10 жайты тіркелді

Шымкентте заңсыз балық аулаудың 10 жайты тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 сәуірден бастап Шымкент ҚПД жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобы мен аудандық полиция басқармаларының қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік іс-шара өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезеңінде, балық қорғау органдарымен бірлесіп, қала аумағында заңсыз балық аулау, өткізу, сатып алу және тасымалдауды анықтау, жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу болып табылады.

Заңсыз балық аулаған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-бөлігімен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, 120 750 теңге айыппұл салынды.

Айта кететін жайт, республика көлемінде қолға алынған “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шарасы 30-мамырға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру