Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицей жоғалған балаларды 10 минуттың ішінде тауып берді

Елордалық полицей жоғалған балаларды 10 минуттың ішінде тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы ПД-ның мамандырылған батальон қызметінің аға инспекторы Ілияс Досаев М.Мақатаева көшесінің бойында қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін сақтау бойынша кезекшілікте жүрген кезінде оған інісімен бірге кішкентай қыз жүгіріп келіп, 11 жасар әпкесін жоғалтып алғаны туралы хабарлаған. Полицей балалардан қыздың белгілерін сұрап, содан кейін кезекші бөлімге бағыт-бағдар беріп, баланы іздеуге кіріскен. Қолданылған жедел шаралардың арқасында полицей қызды 10 минуттың ішінде анықтады.

Бейнематериал мына жерде.

Белгілі болғандай, үш бала велосипедпен серуенге шыққан. Олар орындықта отырған өздерінің әжесіне ұялы телефондарын қалдырып, жағалауды жағалап жүріп, жол бойы екі жаққа кетіп, бірін-бірі таба алмай қалған. Тәртіп сақшысы балаларды әжелеріне тапсырып, серуендеу кезінде үлкендерге жақын болу қаншалықты маңызды екендігі туралы балалармен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Әжей полицейге алғысын білдіріп, оның кәсіби шеберлігін, сергектігі мен іс-әрекетінің үйлесімділігін атап өтті.

Астана қаласының полиция департаменті ата-аналарға балаларына мұқият болуды және оларды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Балаларыңыздың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті ұмытпаңыз. Егер бала немесе жақын адам жоғалып кетсе, дереу “102” нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру