Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тергеу изоляторының қызметкерлерін жемқорлықпен күресуге үгіттеді

Ақтөбеде тергеу изоляторының қызметкерлерін жемқорлықпен күресуге үгіттеді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы Алмас Шамишевтің нұсқаулығымен, департаментке қарасты мекемелерде «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, алдын алу» туралы үгіт-насихатқа арналған қызметкерлермен басқосу жиындары тұрақты түрде өтеді. Осы орайда, КА-168/1 мекемесінің басшылығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен бірігіп, мекеме қызметкерлеріне жемқорлықпен күресудің, алдын алудың жолдарын түсіндірді.
«Жиынның мақсаты-ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген: «Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу» жөніндегі бағдарламасын іске асыру аясында «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын болдырмау және алдын алу» тақырыбында кең көлемді сұхбат жүргізу. Жемқорлықты болдырмау, оның алдын-алу бойынша профилактика жұмыстары КА-168/1 мекемесінде жоспарлы түрде өтіп тұрады»,- дейді КА-168/1 мекемесінің кадр саясаты бөлімшесінің бастығы Ә.С.Малайдарова.
Іс-шарада жеке құрамның алдында сөз сөйлеген Ақтөбе облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық- ағартушылық штаб мүшесі Марат Қойлыбаев пен Ақтөбе қаласы превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Нұртөре Қалдыбаев «Мемлекетке, қоғамға, сондай-ақ, жалпы адамзатқа зиян келтіретін кеселдің алдын алу себептерін және жемқорлыққа барған жағдайда, оларға Заңдарында қандай жазалар қарастырылғаны» туралы айтты.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру