Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түнгі қауіпсіздік күшейтілді: Ақтөбе жолдарында лазерлік бағдарлау кешені орнатылды

Ақтөбе жолдарында лазерлік бағдарлау кешені орнатылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытында жаңа технологиялар енгізілуде.

Облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы мен "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және түнгі уақытта жүргізушілердің назарын күшейту мақсатында лазерлік визуалды бағдарлау кешенін орнатты.

Аталған кешен көріну деңгейі төмен жол учаскелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Ол жүргізушілерге жол жағдайын дер кезінде бағамдауға мүмкіндік беріп, көлік қозғалысын анағұрлым қауіпсіз етеді. Мамандардың айтуынша, мұндай технологиялар жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға елеулі ықпал етеді.

Жүргізушілерге көлік құралын басқару кезінде мұқият болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі тағы да ескертіледі. Себебі жолдағы қауіпсіздік – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру