Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғын әлеуметтік желі арқылы полицейлерге алғысын жеткізді

Жергілікті тұрғын күдіктілерді “ізін суытпай” ұстаған полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы жылы 24 қыркүйек күні азаматша орын алған құқық бұзушылық жайлы “102” сымтетігіне хабарласып, полициядан  көмек сұраған. Аталған шақыртуға жедел жеткен Патрульдік полиция полкінің 723 автоэкипаж қызметкерлері Батыр Тастемиров және Нұрғали Кулымбетов құқық бұзушылыққа қатысы бар күдіктілерді “ізін суытпай” ұстағаны үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушысы Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов мырзаға осындай білікті полиция қызметкерлерін тәрбиелеп, оларға дұрыс бағдар көрсетіп отырғаны үшін рахметін жеткізген.

Әрдайым халық алдындағы қызметтеріңізді абыроймен атқарып, ел қорғаны бола беріңіз, еңбектеріңіз жансын!, – деп пікір жолдаған қала тұрғыны Шолпан Жанабаева есімді әлеуметтік желі қолданушысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру