Түркістан облысы ПД-нің қызметкерлері қаза тапқан патрульдік полицейдің отбасына барды
Түркістан облысы ПД-нің қызметкерлері қаза тапқан патрульдік полицейдің отбасына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері кенеттен көз жұмған полицей Мейіржан Оспановтың Ордабасы ауданы Төрт көл ауылынлағы отбасына барды. Полиция капитаны М.Оспанов жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция батальонының инспекторы болып қызмет еткен. Ол өз ісіне адал және әріптестер арасында құрметке ие болған. Қайтыс болған полицейдің соңында жұбайы мен үш кішкентай баласы қалды.
ӘПБ-ның бастығы Алмасхан Тастанбеков бастаған тәртіп сақшылары аталмыш полицейдің отбасына барып, олардың көңіл-күйін біліп, қандай көмек қажет екенін сұрады, сондай-ақ отбасына қажетті азық-түлік табыс етті. Қайтыс болған полиция капитанының ата-анасы мен жұбайы, жақындары Мейіржан Оспановты еске алғаны үшін полицейлерге шынайы алғыстарын білдірді.
Өз кезегінде полиция полковнигі А.Тастанбеков: – Біз қайтыс болған әріптестеріміздің отбасылары туралы ешқашан ұмытпаймыз және олардың туыстары мен жақындарына материалдық көмек қана емес, моральдық қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз!, – деп атап өтті.
Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері тұрақты түрде қаза тапқан полицейлердің отбасыларына қолдау көрсетіп, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды да назардан тыс қалдырмайды. Өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж адамдарға көмектеседі.
Қайырымдылық – полицейлердің қызметінің ажырамас бір бөлігі айналды десекте болады. Және тәртіп сақшылары алдағы уақытта да осы дәстүрді жалғастыратын болады.