Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 2 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасында екі мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері елде орын алған қақтығысқа байланысты, бүгінде күшейтілген режимде үзіліссіз қызмет атқаруда. Сонымен қатар, полиция қызметкерлерімен 2022 жылдың алғашқы “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара кезінде полицейлер 2002 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 44 тұрғын қамауға алынса, 1108 жайтқа қатысты хаттама толтырылып, 842 тұрғынға ескерту берілді. Тұрғындардан 16 атыс қаруы табылып, тәркіленіп алынды. Оның ішінде ҚР ӘҚБТК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша 8 дерек анықталды.

Сондай-ақ, Түркістан облысының тәртіп сақшылары 461 жайт – ұсақ бұзақылық, 261 дерек – ішімдік ішу немесе мас халде қоғамдық орында болу жағдайларын анықтады.

Одан бөлек, Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжатсыз тұру бойынша 313 жайт, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша 34 жайт анықталды.

Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуына қатысты 26 дерек тіркелді. Іс-шара барысында 4958 тұрғын-үй тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру