Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында екі тұрғыннан есірткі тәркіленді

Түркістан облысында екі тұрғыннан есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өсіруге, сақтауға, сатуға заңмен тыйым салынған есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алып, болдырмау мақсатында республика көлемінде “Дәрмек” іс-шарасы өткізілуде. Отырар ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері аталмыш шара барысында Шәуілдір ауылының көшелерінің бірінен күдік тудырған жаяу жүргіншіні көріп тоқтатады.

Содан полицейлер азаматтан жеке басын анықтайтын құжатын сұраған. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары күдікке ілінген азаматтан қалтасындағы заттарды көрсетуін сұрайды. Осы кезде күдіктінің күртесінің төс қалтасынан сіріңке қорабына салынған айрықша иісі бар есірткіге ұқсас зат шығады. Отырарлық полицейлер алынған есірткі затын сараптамаға жолдады.

Қорытындысына сәйкес, алынған заттар 4 грамнан астам “кептірілген марихуана” болып шықты.

Сондай-ақ, аталған шара аясында Қазығұрт ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірі үйінде заңсыз есірткі затын сақтайтындығы туралы хабарлама түскен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазығұрт ауданы ПБ-ның жедел уәкілдері есірткі сақтаған жергілікті тұрғынды анықтады. Тәртіп сақшылары күдіктінің үйінен полиэтилен пакетке салынған есірткі затын тәркіледі. Қазіргі уақытта есірткі құралдарының заңсыз айналымы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сараптама нәтижесі бойынша алынған өсімдік хош иісі бар марихуана болып шықты. Салмағы – 40 грамнан астам.

Аталған жайттарды полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, басқа да қылмыстық істерге қатысы бар-жоғы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру