Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мас күйде көлік басқарған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысында екінші рет мас күйде көлік басқарған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар ауданының учаскелік полиция инспекторлары күнделікті қызмет атқару барысында жүрісі күдік тудырған ВАЗ автокөлікті тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде оның мас күйіне күдіктенген полицейлер, құқық бұзушыны медициналық куәландырауға жеткізді.

Сараптама қорытындыға сәйкес, автокөлік жүргізушісі мас болудың “орташа дәрежесінде” екені анықталды. Одан бөлек, 40 жастағы ер адамның 2021 жылдың қазан айында сот шешімімен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) ережені бұзғаны үшін 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Іс бойынша құжаттарды жинақтаған полицейлер, жүргізушіге ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруына жол бермеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру