Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер озат оқушылармен кездесті

Түркістан облысында полицейлер озат оқушылармен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында оқу жылының аяқталуына орай полиция қызметкерлерінің оқуда озат болған ұл-қыздарына арналған салтанатты марапаттау шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға Төлеби аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің 30-ға тарта ұл-қыздары қатысты.

Мерекелік жиынға ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Татыбаев, Данияр Үсіпбеков арнайы қатысып, бұл игі бастаманың тәрбиелік мән-маңызына тоқталды. Оқушыларға баянды болашақ тіледі.

Сонымен қатар полиция бөлімінің басшысы Нұрдәулет Ажибеков оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, полицейдің балалары ретінде елге қызмет етудің қадірін сезініп өсу керектігін атап өтті. Сондай-ақ 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, жазғы демалысты қауіпсіз әрі көңілді өткізулеріне тілектестік білдірді.

Шара соңында оқушыларға арнайы алғыс хаттар мен "Биіктерден биікке самға" атты естелік статуэткалар табысталды.

Өз кезегінде балалар іс-шарадан ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл күймен, әдемі естелікпен тарқасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру