Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер жоғалған 15 жастағы қызды Шымкенттен тапты

Түркістан облысында полицейлер жоғалған 15 жастағы қызды Шымкенттен тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғынның бірі арызданған. Әйелдің айтуынша, оның 15 жасар қызы үйінен белгісіз бағытқа шығып із-түзсіз жоғалып кеткен. Жетісай АПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етті.

Тәртіп сақшыларымен мектеп оқушысын табу мақсатында барлық жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастырды. Қыздың суретін көрсетіп, жақын аймақтағы полицейлерге де бағытнама берілді. Жасөспірімнің достары мен баруы мүмкін жерлер тыңғылықты тексерілді. Нәтижесінде қыз келесі күні Шымкент қаласынан табылды. Полицейлер жас қызды отбасына дін-аман қайтарды.

Тәртіп сақшылары қыз бен оның отбасы мүшелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осылайша, жоғалған 15 жастағы қыз полиция қызметкерлерінің арқасында аман-сау ата-анасына табысталды. Тексеру барысында тәртіп сақшылары қыздың ата-анасына еш ескертпестен үйінен кетіп, Шымкент қаласындағы автовокзалдардың бірінде жұмыс іздеп жүргені белгілі болды. Қызымен қауышқан анасы полицейлерге өз алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру