Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Отырарда зейнеткер азық-түлік дүкенінен телефон ұрлап кетті

Отырарда зейнеткер азық-түлік дүкенінен телефон ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар АПБ-ға ұрлықтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша өзі жұмыс жасайтын дүкеннің сөресінде тұрған “Nokia” маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Тәртіп сақшылары хабар алысымен оқиға орнына жедел жетті. Ұрлық жайты орын алған аймақтың барлығын жіті тексеріп, куәгерлерден жауап алды. Дүкен ішіндегі бейнебақылау камераларын тексеріп, ұялы телефонды жасырын ұрлаған күдіктіні байқады. Полицейлер осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Нәтижесінде күдікті зейнеткер тәулік ішінде тұрғылықты үйінен ұсталды.

Айғақты зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті әйелдің бас шарасы қолхатта.

Белгілі болғандай, күдікті дүкенге азық-түлік алу мақсатында келген. Содан соң айналасында адамдардың жоқтығын пайдаланып, сөреде тұрған ұялы телефонды алып кеткен. Осылайша қолды еткен затын үйіне алып барып, пайдалану мақсатында жасырған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру