Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте кезекті алаяқ ұсталды

Шымкентте мемлекеттік жәрдемақы алып беремін деп тұрғынды алдап кеткен әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын өзіне қатысты жасалған алаяқтық жайты туралы айтып шағымданған. Ағымдағы жылы танысы балаларына мемлекеттік жәрдемақы алып беремін деп алаяқтық жолымен 45 000 теңге ақшалай қаражатын алып, осы күнге дейін ешқандай жәрдем ақы алып бермей, алдап кеткендігін айтып көрсеткен.

Аталған жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшыларымен жедел іс-шараларды жүргізу барысында аталған құқық бұзушылықты жасаған әйел анықталып, Полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты “ешқайда кетпеу” туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру