Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының екі ауданында есірткі еккендер анықталды

“Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер Түркістан облысының екі ауданында есірткі еккен тұрғындарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аудандық полиция бөлімдерімен бірлесіп, құрамында есірткісі бар өсімдіктердің бірнеше егістігін жойды.

Бәйдібек аудандық ПБ-нің кезекші бөліміне аудан тұрғындарының бірі үйінің ауласында құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті.

Бәйдібек АПБ-нің полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында жергілікті тұрғынның үйінен 20-дан астам құрамында есірткі заты бар түптер тапты. Жедел уәкілдер айғақты зат ретінде сораға ұқсас 22 түп, сондай-ақ құрамында өсімдік тектес есірткі заты бар үш орама алды. Сараптама қорытындысы бойынша құрамында есірткі бар өсімдіктің түптері жалпы салмағы 80 грамм болатын “сора өсімдіктері” болып шықты. Ал, үш орамадағы зат “кептірілген марихуана” екендігі анықталды.

Полиция қызметкерлерімен күдіктінің осы есірткі заттарын не мақсатпен егіп, сақтағаны анықтап жатыр.

Тәртіп сақшылары тағы бір есірткі егіп, өсірушіні Түркістан облысы Ордабасы ауданында анықтады. Ордабасы АПБ ЖПҚ учаскелік инспекторлары ауыл тұрғынының бірінің бау-бақшасынан екі түп сораға ұқсас өсімдікті тапты. Сараптама қорытындысы бойынша, айғақты зат ретінде алынған заттар 200 грамм болатын “сора өсімдіктері” екені айқындалды.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті қолхатпен босатылды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 1 маусымы мен 31 қазан аралығында Түркістан облысының аумағында “Қарасора-2020” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты – есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, құрамында есірткі заты бар өсімдіктердің егістіктерін анықтау және жою, есірткі трафигінің жолын кесу бойынша мүдделі органдармен және ведомстволармен өзара іс-қимыл жасау, есірткілерді және басқа да тыйым салынған заттарды сақтаумен және өткізумен айналысатын адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды ұстау болып табылады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру