Түркістан облысының полицейлері бір тәулік ішінде ұрланған малды иесіне қайтарды
Түркістан облысының полицейлері сиыр ұрлаған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын жайылымда қараусыз жүрген құны 350 мың теңге тұратын сиырын белгісіз біреулердің ұрлап кеткені туралы шағымданған.
Жәбірленушінің айтуынша, ол жоғалған малды өз бетінше іздеген, бірақ таба алмаған.
Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шардара АПБ қызметкерлері бір тәулік ішінде күдіктінің ізіне түсіп, мал ұрысын ұстады.
Ол көрші ауылдың тұрғыны болып шықты. Ұрланған сиыр заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.