Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның үйіне ұрлыққа түскендерді ұстады

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның үйіне ұрлыққа түскендерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын ұрлық қылмысының құрбаны болғанын жеткізді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның сарайында тұрған құрылысқа қажетті түрлі құрал-жабдықтары мен қазанын түнгі уақытта белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 250 мың теңгеге жуық болған.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, тез арада қылмысты ашуға кірісті. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, қажетті шаралардың барлығын жасап, көрген-білгендерден жауап алды.

Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті ретінде үш жас жігіт анықталды. Олар жұмыссыз, екеуі бұрын сотты болған Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Белгілі болғандай, күдіктінің бірі осы ауылда тұрып кеткен, жәбірленушінің танысы. Яғни олар оңай жолмен пайда таппақ болған. Содан ұрлық жолымен келген дәнекерлеуге арналған бөтеннің құралын сатып жіберген. Қалған бөлігі тәртіп сақшыларымен тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда ұрлық жайтына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру