Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер алаяқтық қылмысының екі дерегін ашты

Ақмолалық полицейлер алаяқтық фактісінің екі дерегін ашты – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет арқылы тауарларды сатып алу ыңғайлы тәсілдерінің бірі болып саналады. Алайда, көбіне сатып алушылар алаяқтыққа және сатушылардың басқа да жосықсыз әрекеттеріне тап болады. 

14 наурыз күні Целиноград ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғынның өтініші келіп түскен. Жәбірленуші интернет арқылы жиһаз бен ыдыс-аяқ сатып алғысы келген.

Өтініш берушінің айғағы бойынша, ол төлем алғаннан кейін онымен байланысқа шығуды тоқтатқан бейтаныс қызға тауарды жеткізуі үшін 362 мың теңге көлемінде ақша аударған.

Тергеу-жедел іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. 31 жастағы күдікті бұрын алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды.

Осындай жағдай Аршалы ауданында да орын алды. Жергілікті тұрғын полицияға жүгініп, Kolesa.kz хабарландыру беру сайты арқылы автокөлік сатып алуды көздегенін хабарлады.
23 наурыз күні белгісіз адам өзін сатушы ретінде көрсетіп, өтініш берушіні оған 950 мың теңге сомасында автокөлік үшін алдын ала төлем жіберуге көндірген. Қолма-қол ақша алғаннан кейін белгісіз адам телефонын өшіріп тастаған.

Аталған екі дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру