Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 300-ден астам малды иелеріне тауып берген

Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері жоғалған 300-ден астам малды иелеріне тауып берген, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысында жыл басынан бері 204 дерек мал ұрлығы тіркелсе, оның 67-сі қорадан ұрланып, 137-сі жайылымнан кеткен. Сонымен қатар түркістандық тәртіп сақшыларының жедел шараларының нәтижесінде жыл басынан бері мал ұрлығымен айналысқан 14 қылмыстық топ құрықталды. Олардың 76 дерекке қатыстылығы анықталды.

Жалпы, облыс бойынша осы жылы 868 төрт түлік ұрланса, оның ішінде 330-ы табылып, өз иелеріне қайтарылған. Мал ұрлығының басым көпшілігі тұрғындардың салғырттығынан орын алады. Яғни, жайылымдарға қараусыз жіберілген үй жануарлары ұрылардың оңай олжасына айналады және құжатсыз мал тасымалдайтын көліктер де мал ұрлығы қылмысының орын алуына себепкер болады.

Сондықтан Түркістан облысының полицейлері қылмыстардың алдын алу үшін рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізіп, тіпті мал тасымалдайтын жүк көліктері мен автокөліктерді, мал сойып ет өңдейтін орындарды да тексеруді назардан тыс қалдырмайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру