Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғындарына шетелдік көліктерді рәсімдеу ережесін түсіндірді

Түркістан облысының тұрғындарына шетелдік көліктерді рәсімдеу ережесін түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елімізге өткен жылы қыркүйек айының біріне дейін әкелінген көліктерді тіркеу шаралары 2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап іске асады. Бұл туралы тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан облысы ПД-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфир ұйымдастырылды.

– Шетелдік көліктерді заңдастыру тапсырмасын орындау үшін Заң жобасы әзірленді. Бұл бір реттік акция 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Ал Түркістан облысында шетелдік автокөлік құралдарын тіркеуге өтінім Түркістан, Сарыағаш қалаларында, Сайрам, Мақтаарал ауданында орналасқан 4 арнайы ХҚКО-ға қабылданады. Іздестіру базалары бойынша құжаттар мен көлік құралын тексергеннен кейін автомобиль арнайы ХҚКО жанынан тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін ұсынылады. Содан кейін алғашқы алым, техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмір үшін мемлекеттік баждар, сондай-ақ қажет болған жағдайда кедендік баждар төленеді. Тіркеу бекітілгеннен кейін көлік иесіне қазақстандық техпаспорт және мемлекеттік нөмір беріледі, – деп атап өтті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмасхан Тастанбеков.

Сонымен қатар А.Тастанбеков жоғарыдағы ақпаратты түсіндіру мен құқықтық кеңес беру бойынша тікелей эфирде желі қолданушылары тарапынан түскен 40-қа жуық сауалға жауап берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру