Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда анасымен жанжалдасқан ер адам қамауға алынды

Павлодарда анасымен жанжалдасқан ер адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қорғау нұсқамасын бұзған жағдайда құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша әкімшілік материал жасалады.

Мысалы, Павлодарда ер адам анасымен жанжалдасқан. Осыған байланысты жанжалқорға қатысты 30 тәулік мерзімге қорғаныс ұйғарымы шығарылды. Бірақ 44 жастағы құқық бұзушы мас күйінде анасымен тағы да жанжалдасты, осылайша қорғаныс ұйғарымын бұзды.

– Учаскелік полиция инспекторы әйелдің ұлына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасады. Сот шешімі бойынша бұзушы кінәлі деп танылып, оған 8 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Сондай-ақ сот шешімімен ӘҚБтК-нің 461-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлады Павлодар облысы Шарбақты аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Сабира Әбусейітова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру