Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғыны несиеңді жауып беремін деп ауылдасын алдап кетті

Түркістан облысының тұрғыны несиеңді жауып беремін деп ауылдасын алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның танысы 3 млн теңге несиеңді жауып беремін деп әбден сеніміне кіріп, алдын ала 380 мың теңге ақшасын алған. Арада 5 айдан аса уақыт өтсе де, берген уәдені орындамаған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті жұмыстардың барлығын жүзеге асырды. Олар жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, аталмыш қылмысқа қатысы бар бұрын сотты болған күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Полицейлер ер адамды Полиция басқармасына жеткізді.

Белгілі болғандай, күдікті мен жәбірленуші ауылдастар екен. Күдікті жәбірленушінің бірнеше банкте берешегі барын білген. Содан таныстары арқылы көмектесе алатынын айтқан. 3 млн теңге берешекті бар-жоғы 380 мың теңгеге ертесі күнгі кешке дейін жабылатындығын айтып, оның жеке куәлігінің көшірмесін қоса алып кеткен. Алған ақшаны жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру