Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының үш тұрғыны туысынан қой ұрлаған

Түркістан облысының үш тұрғыны туысынан қой ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, мал ұрлығының құрбаны болғанын жеткізді. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның қорасына белгісіз біреулер ұрлыққа түсіп, 10-нан астам қойын жымқырған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеуге алынды.

Келестік қырағы полицейлер орын алған қылмысты ашып, кінәлілерді құрықтау мақсатында бірден іске кірісті. Куәлардан жауап алып, қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде күдікті ретінде үш жас жігіт ұсталды. Олардың бірі жәбірленушінің туысы болып шықты.

Анықталғандай, сезікті үшеу оңай жолмен пайда табуды ойлап, бөтеннің малын қолды еткен. Содан ұрланған қойларды сатып, ақшасын бөліп алған. Ал полицейлер жәбірленушінің 5 бас қойын тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілііп жатыр.

Күдіктілер қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру