Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері үйіне заңсыз қару сақтаған күдіктіні анықтады

Түркістан полицейлері үйіне заңсыз қару сақтаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Бәйдібек АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның бірінен қару-жарақ заттарын заңсыз сақтағаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Бәйдібек ауданының тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Тінту кезінде жедел уәкілдер күдіктінің үйінен заң талаптарына сай келмейтін CZ SCORPION EVO 3 A1 әскери ойық ұңғылы, отты атыс қаруын тәркіледі.

Тәртіп сақшылары күдіктіні оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Бәйдібек АПБ-ға жеткізді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.

Белгілі болғандай, күдіктінің пистолет-пулеметті қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласынан тауып алғаны расталды. Сондай-ақ ол қаруды осы уақытқа дейін үйінің шатырында сақтап жүрген. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру