Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан тұрғынын алдап соққан әйел анықталды

Түркістанда мемлекеттен 10 миллион теңге жәрдемақы алып беремін деп тұрғынды алдап соққан әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан полициясына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде арызданды. Оған сырттай танысы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыны алып беретінін айтқан. Бұл қызметі үшін 3,6 млн теңге ақшасын алып, екі айдай алдап келген.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Тәртіп сақшылары хабар түсісімен бірден іске кірісті. Күдіктіні табу үшін жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Полицейлер атқарған жедел шаралардың нәтижесінде алаяқтық жайтына қатысы бар жұмыссыз әйелді анықтады.

Белгілі болғандай, күдікті әйел өз арам ойын іске асыру үшін танысына кәсіпкерлерге берілетін қомақты ақша алып беремін деген жалған уәдеге сендіріп, ақшасын алған. Осыдан соң уәде орындалмай, не ақша қайтарылмай екі ай бойы жәбірленушіні әуре-сарсаңға салған. Бүгінде күдікті әйелге қатысты тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру