Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

Нұр-Сұлтанда “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы жылдың 7 қыркүйегі мен 1 желтоқсаны аралығында республика аумағында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара қызмет көрсетілетін әкімшілік аумақтағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтуге бағытталды.

Осы уақыт аралығында Нұр-Сұлтан қаласының учаскелік полиция инспекторлары 280 мың пәтерді, саяжайларды қамти отырып, 85 мыңнан астам үйді аралады.

Іс-шара барысында қаруды сақтау және тіркеу мерзімдерін бұзудың 200-ден астам дерегі анықталды. 260-қа жуық қару және ойық қарудың 104 патроны тәркіленді.

Нұр-Сұлтан қаласының ПД қабылдап-тарату орнына белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 140 тұлға орналастырылды.

Ата-аналардың тарапынан тиісті бақылауының жоқтығына байланысты ұсақ бұзақылық жасағаны, қоғамдық орындарда темекі шеккені және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін 980 кәмелетке толмаған бала полицияға жеткізілді.

Сонымен қатар түнгі уақытта қоғамдық орындарда заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген 49 бала өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырылды.

Бұдан басқа, түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 27 мыңнан астам азамат жауапкершілікке тартылды, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін 315 жанжалқой ұсталды.

Алкогольдік ішімдіктерді пайдаланғаны және қоғамдық орындарда масаң күйде болғаны үшін 3,5 мыңнан астам азамат жауапкершілікке тартылды.

Профилактикалық іс-шара барысында тұрғын үйлердің кіреберістерінде QR-коды бар ақпараттық парақшалар ілінді, онда учаскелік полиция инспекторларының байланыс телефоны көрсетілген. Бұл азаматтарға мобильдік құрылғыларды пайдалану  арқылы учаскелік полиция пунктінің орналасқан жері туралы ақпаратты және барлық қажетті деректерді шұғыл түрде білуге мүмкіндік береді. Халықты құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге кеңінен тарту мақсатында учаскелік инспекторлар тұрғындардың және пәтер иелері кооперативтерінің чаттарына қосылған және ол жерде күн сайын профилактикалық сипаттағы ақпарат орналастырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру