Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Учаскелік инспектор ақмолалық зейнеткерді алаяқтың арбауынан құтқарды

Ақмола облысында тәртіп сақшысы алаяқтық фактісіне тап болып, ақшаларынан айырыла жаздаған ерлі-зайыпты азаматтарға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында ерлі-зайыптылар өз ақшаларын алаяқтарға қалай бере жаздағандығы туралы айтып берді.

Полицияға Заводская кентінің тұрғынынан алаяқтық фактісі туралы арыз келіп түсті. Азаматтың айтуынша, оның телефонына шетелдік нөмірден белгісіз ер адам қоңырау шалып, өзін ұялы байланыс компаниясының қызметкері ретінде таныстырған. Әйел адамға SIM-картасының жарамдылық мерзімі аяқталғанын хабарлаған.

Алаяқ зейнеткерге телефон нөмірін ұзарту үшін нөмірге келетін кодты айтуын өтінген. Осыдан кейін басқа нөмірден қоңырау шалып, “байланыс компаниясының қауіпсіздік қызметінен хабарласып тұрмыз” деп алдап,  оның атына несие рәсімдеуге әрекет жасалып жатқандығын хабарлайды. Оның күшін жою үшін HopToDesk қосымшасын жүктеу қажет екендігін айтты.

Осы қосымшаны орнатқаннан кейін әйелдің телефоны дұрыс жұмыс жасамай қалды. Күдіктенген әйел жұбайымен кеңесе отырып, Степногорск қаласының ПБ  учаскелік инспекторы Айбек Жамбыловтан көмек сұрады.

Полиция қызметкері тез арада телефондағы қосымшаны өшіріп тастады. Сұрастыру барысында белгісіз біреулер қазақстандық үш банктің атауын айтқан, полицей сол банктерге дереу хабарласа отырып, зейнеткердің шоттарын бұғаттау қажеттігі туралы хабарлаған.

Бұл оқиға – ақмолалықтардың қырағылығының және учаскелік полиция инспекторының жедел іс-қимылының арқасында алаяқтардың қылмыстық әрекеттерінен қауіпті зардаптарды болдырмауға мүмкіндік бергенінің айқын мысалы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру