Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Учаскелік полиция инспекторы – тыныштық күзетшісі

Әр азаматтың амандығы мен қоғамның тыныштығы қай уақытта да – басты орында. Себебі, тәуелсіз ел іргесінің берік болуы ел ішіндегі тыныштықтан басталары сөзсіз. Осы орайда тікелей халықпен жұмыс істеп, қылмыстың алдын-алуға және профилактикалық жұмыстар жүргізіп, тәртіпті қадағалайтын учаскелік полиция инспекторларының қызметін ерекше атап өткен жөн. Қоғам тыныштығын күзетіп жүрген полиция қызметкерлерінің бірі – Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы Ерік Амиракынов.

Заңгер мамандығын иеленген ол бүгінде өзіне жүктелген аумақтағы тұрғындардың қауіпсіздігің қамтамасыз етуде. Ерік 1982 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Абай атындағы Алматы Гуманитарлық университетін тәмамдап, 2004 жылдан бастап ІІО-да қызмет атқарып келеді.

Ол жұртшылық алдында жауапкершілігі мол жұмысын, яғни учаскелік полиция инспекторы қызметін 2016 жылы бастаған. Бүгінде ол өзіне берілген аумақтағы қандай да болсын әкімшілік құқық бұзушылық жағдайларға жол бермеу, оның алдын алу, қылмыстың бетін ашу, полиция пунктіне түскен арыз-шағымдар сияқты көптеген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Өмірдің мәні қарапайым болу деп білетін Ерік күнделікті қауырт жұмысына қарамастан спорттық жаттығулармен де айналысуға уақыт табады. Ол бос уақытында футбол ойнағанды және отбасымен бірге уақыт өткізгенді ұнатады. Бүгінде ол, аяулы жар, үш баланың ардақты әкесі.

– Полиция қызметінің талабы қатал. Әйтседе, осы қызметте жұмыс істеп жатқаныма мүлдем өкінбеймін. Керісінше құқық қорғау саласында қызмет етіп жүргенімді мақтан тұтамын, – дейді қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтауда алдыңғы қатарда тұратын тыныштық күзетшісі Ерік Амиракынов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру