Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландықтар Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградаларға ие болды

22 қазанда Ішкі істер министрлігінде Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараға мемлекеттік органның басшылығы, полиция қызметкерлері, сондай-ақ Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығының офицерлері, әскер ардагерлері, өзара іс-қимыл жасайтын органдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

– Республика күнін мерекелеу Жоғарғы кеңес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларацияны қабылдаған 1990 жылғы 25 қазанға байланысты. Декларацияның айрықша рөлі Қазақстан алғаш рет өзінің дүниетанымы, жеке салт-дәстүрлері, сондай-ақ өзінің болашағы туралы көзқарасы бар бірегей аумақтық субъект ретінде өзін жариялады. Мерекелік күнтізбеде Республика күнін жаңғырту – “Жаңа Қазақстан” ұрпағының өз бастауларының сабақтастығын мойындауының, тарихи сіңірген еңбегі мен халқымыздың мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы ерік-жігерін құрметтеуінің символы, – деп сөз сөйледі Марат Ахметжанов.

Ведомство басшысының кіріспе сөзінен кейін салтанатты түрде қызметте ерекше көзге түскен полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне Мемлекет басшысы мен ішкі істер министрінің атынан мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыс етілді.

Сондай-ақ Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында мерекелік іс-шара өтті. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақановтың бұйрығымен 290-нан астам әскери қызметші грамоталармен, кеуде белгілермен марапатталды.

Мерекелік шара Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру