Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұланның ұшқыштары Атырау облысына 23 тоннадан астам гуманитарлық жүк жеткізді

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының ұшқыштары Атырау облысына 23 тоннадан астам гуманитарлық жүк жеткізді, – деп хабарлайды Polisa.kz.

Ұлттық ұланның Y-8 әскери-көлік ұшағының экипажы өткен күндері аталған аймақтың су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына 10 тоннадан астам гуманитарлық жүк жеткізу үшін 8 мың шақырымнан астам әуе кеңістігін ұшып өтті.

Қазірдің өзінде су басқан аймақтардағы адамдарға көмек беру үшін 5 әскери-транспорттық ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылған. Олар күн сайын гуманитарлық көмек жеткізеді және жеке құрамды тасымалдайды. Ұшу барысында мониторингтік жұмыстар да жүргізіледі. Осы уақыт ішінде Ұлттық ұлан ұшқыштарымен бірге су тасқыны болған аймақтарға еліміздің белгілі блогерлері арнайы барды.

– Ұлттық ұлан ұшқыштарының арқасында біз Атырау облысына қажетті жүктерді тез жеткіздік. Бұл ретте ұландық ұшқыштардың еңбегін бағаламасқа болмайды. Сондықтан бәріміз Ұлттық ұлан авиациясының жеке құрамына алғысымызды білдіреміз. Күшіміз – бірлікте, – деді блогер Ерболат Жаңабылов.

Айта кетейік, Ұлттық ұланның авиациясы тасқыннан зардап шеккен өңір тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Мәселен, бүгін 12 сәуірде ұшқыштар Атырау облысының тұрғындары үшін тағы 13 тонна гуманитарлық көмек жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру