Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлы жетістіктер дәуірінің үлгісі

Алматы облысы Полиция департаментінің Ақпараттандыру және байланыс басқармасының мәліметі арқасында өз өмірін отандастарының қауіпсіздігіне арнаған қаншама ҰОС ардагерлерінің есімі белгілі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олардың есімдері облыстық Полиция департаментінің тарихында қызыл сиямен жазылып, жыл сайын құқық қорғау органдарының жаңа буыны оларды ерлікпен еске алады.

“ҰОС ардагерлерінің осы үлкен тізіміндегі әрбір есім жеке әңгімеге лайық, әрбір тағдыр – бұл адамзат тарихындағы ұлы жетістіктер дәуірінің үлгісі. Атап айтсақ, Чукмантов Сламбек, Ибраимов Калтай Сагынаевич, Кинербаев Нурдавлет Нусипбекович, Абулхатаев Карим Срымович, Шепеленко Петр Романович, Яковенко Василий Васильевич, Прокопенко Иван Дмитриевич, Митрофанов Михаил Васильевич, Жапар Атабаев, Парамонов Василий Петрович және т.б. Уақыты келгенде олардың әрқайсысы жайында жеке кітапта жазылар, өйткені олардың әскери ерліктері соғыс және бейбіт уақытында да өз халқына, өз Отанына деген риясыз қызметтің жарқын үлгісі бола білді. Ұрпақтар жалғастығы үзілмей, адамзат тарихы да өмір сүреді”, – дейді Алматы облысы ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бас маманы Жанар Тұрғанбекова.

Әрбір қазақстандық отбасында әлемге Ұлы Жеңіс сыйлаған аты аңызға айналған әжелер мен аталар туралы қасиетті естеліктер сақталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру