Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Велосипед ұрлап кеткен 41 жастағы қарағандылық қолға түсті

Велосипед ұрлап кеткен 41 жастағы қарағандылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 шілдеде Қарағанды ​​қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне 34 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Ол жеке үйдің ауласынан белгісіз біреу жылдамдықты велосипедті ұрлап кеткенін айтты. Шығын мөлшері 50 мың теңгені құрайды.

Ұрлық жәбірленуші үйінде бір апта болмаған уақытта болған.

Полиция жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті – 41 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, ол өз кіәсін мойындады. ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру