Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында масаң күйде тізгіндеген мотоцикл жүргізушілері ұсталды

Жамбыл облысында масаң күйде тізгіндеген мотоцикл жүргізушілері ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында “Мотокөлік” профилактикалық шарасы барысында масаң күйде тізгендеген мотоциклисттер ұсталды

Қордай ауданында жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде 37 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы мотокөлік құралы тоқтатылды.

Тексеру барысында полицей жүргізушіден алкогольдің өткір иісін сезген. Медициналық куәландыруға сәйкес, ер адам мас күйінде болған. Сондай-ақ жүргізушінің мотокөлік құралына басқару құқығының жоқтығы анықталды.

– Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жіберілді. Осы баптың санкциясы сәйкес 20 тәулікке қамаққа алу жазасы көзделген. Облыс бойынша барлығы 7 мас мотоцикл жүргізушісі анықталды. Барлық көлік құралдары арнайы айыппұл тұрағына орналастырылды, – деп хабарлады ПД ЖПҚБ орынбасары Ержан Мананбаев.

“Мотокөлік” профилактикалық іс-шарасын өткізудің алғашқы күнінде өңірде 800-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу тіркелді. Оның ішінде мотокөліктің қатысуымен 50-ге жуық құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру