Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

Жамбыл облысында қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, қылмыстың алдын алуға және кез келген құқық бұзушылыққа "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейдтік іс-шаралар барысында негізгі назар әкімшілік құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау мен жолын кесуге, сондай-ақ қылмыстардың жасалуына жол бермеуге аударылуда.

Сонымен қатар профилактикалық есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерулер жүргізілуде. Бұрын сотталғандар, шартты түрде сотталғандар, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауға бейім адамдар ерекше бақылауға алынды.

Бұдан бөлек, көші-қон заңнамасының сақталуына ерекше мән берілуде. Шетел азаматтары мен оларды қабылдаушы тұлғалар тексеріліп, заңсыз жүру, тіркеу ережелерін бұзу және еңбек қызметіне қатысты құқық бұзушылықтар анықталуда.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері халық арасында құқықтық мәдениетті арттыруға және қоғамда құқық бұзушылықтарға төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аталған профилактикалық іс-шара өңірдегі құқықтық тәртіп деңгейін арттыруға, құқық бұзушылықтар санын азайтуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру