Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда 160-тан астам кәмелетке толмаған жасөспірім әкімшілік заңнаманы бұзды

Жамбылда 160-тан астам кәмелетке толмаған жасөспірім әкімшілік заңнаманы бұзды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер тарапынан құқық бұзушылықтың, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстың алдын алу мақсатында жыл басынан бері полиция қызметкерлері 185 рейд жүргізді, оның барысында 163 кәмелетке толмаған жасөспірім ішкі істер органдарына жеткізілді. 

Тәртіп сақшылары олардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуының 109 дерегін анықтады. Ата-аналарды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы ҚР заңнамасын бұзудың төрт дерегі анықталды. Аталған дүкендердің иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көңіл көтеру орындарына 19 кәмелетке толмаған баланы жіберудің 10 дерегі анықталды. Кафе-барлардың иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабы бойынша, ал заңды өкілдері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.

Профилактикалық есепке 11 кәмелетке толмаған жасөспірім және бес қолайсыз отбасы қойылды. Арнайы мектепке екі жасөспірім орналастырылды, екі заңды өкіл ата-ана құқығынан айырылды.

– Олардың заңсыз әрекеттерге тартылуына жол бермеу үшін кәмелетке толмаған балалардың бос уақытын және айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын әрдайым бақылау қажет. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар қабылданатын болады, – деп хабарлады ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру