Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңақорғандық полицейлер өткен жылы 6 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

Өткен жылы Жаңақорған ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері 6 397 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ЖКО жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында полиция қызметкерлері алдын алу жұмыстарын жүргізді, оның барысында алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік басқарған 101 жүргізуші анықталды.

Жол жүру ережелерінде қарастырылған жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану талаптарын сақтамаудың 610-ден астам дерегі анықталды.

Бұдан басқа, көлік басқару кезінде жүргізушінің телефонды пайдалануының 60 бағдаршамның тыйым салатын сигналын немесе реттеушінің тыйым салатын қимылын елемеудің 35 дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру