Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жер учаскесінің құжаттарын рәсімдеп беремін”: шымкенттік алаяқ ұсталды

Шымкентте жер учаскесінің құжаттарын рәсімдеп беремін деп, тұрғынды алдап кеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 19 сәуірде Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам жер учаскесінің заңды құжаттарын рәсімдеп беремін деп, 2,5 миллион теңге көлемінде ақша алып, уәдесін орындамай кеткен. 
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші аудандық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі басқармасының Учаскелік полиция инспекторларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 48 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары  жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру