Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ұялы телефон ұрлаған екі қалта ұрысы ұсталды

Қарағандыда ұялы телефон ұрлаған екі қалта ұрысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 сәуірде Қарағанды қаласы ПБ  криминалдық полиция қызметкерлері “Қалта” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Жедел қызметкерлердің назары тікелей автобустар салондары және қарбалас уақытта тоқтайтын орындар болды.

Сауатты түрде өткізілген іс-шаралар өз нәтижесін берді. Полицейлер автобуста 50 жастағы жолаушыдан ұялы телефон ұрлаған 28 жастағы қылмыскерді ұстады. Шығын мөлшері 88 мың теңгені құрайды.Дәл сол уақытта жедел уәкілдер қала орталығында орналасқан аялдамада 26 жастағы ұрыны ұстады. Полиция ұрыны 37 жастағы әйелдің күртесінің қалтасынан құны 189 мың теңге тұратын ұялы телефонды байқатпай алып жатқан кезінде ұстады.Қылмыстық істер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қозғалған, тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық заттай айғақтар алынып, жәбірленушілерге қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру