Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында ер адам ағасына үш онлайн несие рәсімдеді

Ақмола облысында ер адам ағасына үш онлайн несие рәсімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде Зеренді ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне өңірдегі ауылдардың бірінің 41 жастағы тұрғынынан арыз келіп түсті. Ер адам 2021 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында белгісіз біреу оған үш түрлі микронесиелік ұйымдарда жалпы сомасы 138 мың теңгеге онлайн-несиелер ресімдегенін хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің 30 жастағы, уақытша жұмыс істемейтін немере ағасы болып шықты.

Күдіктіде жәбірленушінің банк картасы болған, жәбірленуші күдіктіге қалта шығындарына ақша аударып отырған. Сонымен қатар қаскүнемге жәбірленушінің жеке деректері белгілі болған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру