Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісай ауданының полицейлері есірткінің зияны туралы мың жадынама таратты

Жетісай ауданының полицейлері есірткінің зияны туралы мың жадынама таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Есірткісіз болашақ” шарасы аясында Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері нашақорлықтың таралуының алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айта кетсек полицейлер аудан орталығында орналасқан автовокзалдарға, сауда нүктелері мен басқа да адамдар көп шоғырланған орындарға барып, есірткіні қолданудың зияны туралы ақпарат жазылған “Есірткіге жоқ деп айт!” атты мың жадынама таратты. Осы тұста тәртіп сақшылары есірткі мен психотроптық препараттардың заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сондай-ақ тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру