Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында ардагерлер мен жас тәртіп сақшылары кездесті

Сарқан ауданында ардагерлер мен жас тәртіп сақшылары кездесуі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарқан ауданында тәжірибе мен жастықты біріктіретін маңызды кездесу өтті: ауыл ақсақалдары, Сарқан ауданының полиция бөлімі басшылығы мен жеке құрамы қызметтің маңызды аспектілерін талқылау және жас қызметкерлерге қызметке байланысты бағыт-бағдар беру үшін кездесті. Іс-шараның құрметті қонағы полиция генерал-майоры Асқар Оспанов болды, ол жиын барысында сөз сөйлеп, ардагерлер мен қызметтегі полицейлердің бірлескен жұмыс бастамасын қолдады.

ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Алтай Баймұхамбетов қызметтегі сабақтастықтың маңыздылығы туралы өз ойларын бөлісті. Ардагерлер мен басшылардың дана нұсқаулары заңға қызмет етуді жалғастыратын жас қызметкерлер үшін маңызды болды.

Іс-шара үлкендер мен жастардың арасындағы байланысты нығайтуға және жас тәртіп сақшыларының кәсіби біліктілікті арттыруға негіз болады. Аға әріптестердің тәжірибесі оларға қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін жақсы түсінуге көмектеседі.

Кездесу аясында учаскелік инспектордың адал және белсенді жұмысы ерекше аталып, ардагердің атынан алғыс айтылды. Мұндай алғыстар қызметтің беделін көтеріп қана қоймайды, сонымен қатар басқа қызметкерлерді жоғары нәтижелерге ұмтылуға итермелейді.

Сонымен қатар ІІМ ардагерлері қазіргі қызметкерлермен әлеуметтік қамсыздандыру мен зейнеткерлерді қолдаудың маңызды мәселелерін талқылап, ұзақ жылдар бойы қоғамның игілігі үшін қызмет еткендерге қамқор болу, құрмет көрсету қаншалықты маңызды екенін айтты. Мұндай кездесулер ардагерлер мен қызметкерлердің арасында өзара құрмет пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру