Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының полицейлері оқушыларға экскурсия ұйымдастырды

Жетісу облысының полицейлері оқушыларға экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық департаменттің полицейлері Талдықорған қаласының № 12 орта мектеп-гимназиясының оқушыларына ашық есік күнін өткізді. Оқушылар үшін департаменттің әкімшілік ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Олар жедел басқару орталығының жұмысымен танысты, тіпті оқиға орнына полиция нарядын жіберу тәртібінің қалай жүргізілетінін өз көздерімен көре алды.

Балалар 2000-нан астам тарихи маңызды экспонаттары сақталған Жетісу полиция мұражайына аса назар аударды. Полиция департаментінің мұражайы аты аңызға айналған милиция генерал-майоры Әбдіқадыр Болсамбековтің есімімен аталады. Мұражай бірнеше залдардан тұрады, олардың әрқайсысы 1917 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі өлкенің құқық қорғау жүйесінің қалыптасу тарихының жеке кезеңін көрсетеді.

Мұражайда “Қазақфильм” студиясында түсірілген әйгілі “Атаманның ақыры” және “Транссібір экспресі” фильмдерінің прототиптері болған, аты аңызға айналған Жаркент полицейлері К. Чанышев пен М. Ходжамьяров туралы баяндайтын сирек кездесетін экспонаттары бар. Алғашқы милиционерлер, ҰОС қатысушылары туралы, қазіргі полиция қызметкерлерінің қызметімен тығыз жанасатын көп оқиғаларға қатысты, сондай-ақ, қазіргі кезеңдегі үкіметтік наградалармен марапатталған батырларға қатысты экспонаттар аз емес.

Сонымен қатар, балаларға департаменттің қару-жарақ мұражайымен танысуға мүмкіндік берілді.

– Бүгін балалар қару-жарақтың жекелеген түрлерін және полиция қызметкерлерінің киімдерін, тарихи құжаттарды, фотосуреттерді және басқа да қызықты экспонаттарды өз көздерімен көре алды. Әсіресе, балаларды Мәскеу шайқасы бейнеленген диорама таң қалдырды. Диорама арқылы олар біздің жауынгерлеріміздің барлық күш-қуатын байқады. Қару-жарақ залы оқушыларды өте қызықтырды, онда олардың назарына атыс қаруының бірнеше түрлері ұсынылды. Әр түрлі санаттарда 85-тен астам қару-жарақ жиналған. Көптеген экспонаттар келушілер үшін қызықты болды, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД музейінің меңгерушісі Мәдина Болсамбекова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру