Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда ведомствоаралық мобильді топ еңбекті заңсыз пайдалану фактілерін анықтап жатыр

Жетісуда ведомствоаралық мобильді топ еңбекті заңсыз пайдалану фактілерін анықтап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу аумағында еңбекті заңсыз пайдалану құрбандарын алдын алу және анықтаумен айналысатын ведомствоаралық мобильдік топ жұмысын жалғастырып жатыр. Топ құрамына полиция мен прокуратура қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері, әкімдік және еңбек инспекциясының қызметкерлері кіреді, олар адам саудасы фактілері бойынша барлық ақпаратты тексереді.

Қазіргі уақытта топтың бағыты Текелі қаласының аумағы арқылы өтті. Құқық қорғау органдары елді мекендерді, шалғайдағы шаруа қожалықтары мен учаскелерді аралап шықты. Сондай-ақ Қаратал ауданының елді мекендеріне де барып қайтты. Ауыл тұрғындары арасында еңбек құлдығы мен адам саудасы фактілеріне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

– Елді мекендерге барған кезде ауыл тұрғындарына ақпараттық кітапшалар мен байланыс телефондары бар жадынамалар таратылады,– деп атап өтті Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ-да.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру