Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері талқыланды

Жетісу облысы полиция департаментінде тергеу басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеу басқармасының басшылығымен, сондай-ақ тергеу, жедел және анықтау бөлімшелері өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қатар жүргізілетін қаржылық тергеп-тексерулерді ұйымдастыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, жедел ақпарат алмасу және бірлескен жұмысты үйлестіру мәселелері талқыланды.

Қатысушылар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және заңсыз қаржылық схемаларға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кездесу барысында уақтылы жүргізілетін қаржылық тергеп-тексерулер қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға, заңсыз алынған активтерді белгілеуге және оларды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес мемлекет кірісіне қайтару жөніндегі шараларды дер кезінде қабылдауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Мұндай жұмыс кездесулері құқық қорғау органдары арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, қылмыстық істерді тергеп-тексерудің бірыңғай тәжірибесін қалыптастыруға және Жетісу облысында қылмысқа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру